Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтау гимназиясы" КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтауская гимназиясы" КММ

Актюбинская область

Хромтауский район

КГУ "Хромтауская гимназия №5"

Хромтауская гимназия №5 рада приветствовать вас на сайте!

Жаңалықтар

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген мектепішілік патриоттық ән байқауы

1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күні «Ұлттар достығы-фестивалі» өтті.

№5 Хромтау гимназиясында  1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күні қарсаңында даярлық топтары мен  бастауыш сынып білім алушылары арасында  «Ұлттар достығы-фестивалі» өтті. Мақсаты – әр ұлттың салт дәстүрлері мен ұлттық өнерін  көрсету  және ұлт жарастығын насихаттау.  Үздік өнер көрсеткен командалар  жүлделі орындармен марапатталды.

Қосбергенов Болат Келбетұлын еске алу турнирі өтті.

Ұстаз едің,  жүректерге гүл еккен,

Адалдықты көкіректерде түлеткен.

Сенің биік рухыңа бас иіп,

Еске аламыз сағынышты жүрекпен, — дей отыра гимназиямызда 2017 жылдың 28 сәуірі  күні үлкен шара , ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған дене шынықтыру  пәнінің мұғалімі  Қосбергенов Болат Келбетұлын  еске алуға, осы гимназия  қабырғасында жыл сайын  өткізіліп отырған, аудан  мектептерінің ұстаздары арасындағы  теннис турнирлік  кеші өтті.  Турнирге аудан бойынша 16 команда қатысты. Жеңіске жеткен командалар  арнайы кубокпен марапатталды

Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада қорытындысы

 

 

        2017 жылғы 28-29 сәуір күндері Өскемен қаласының  әкімдігі, білім басқармасының ұйымдастыруымен  Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадасы  өтті. Аталған пәндік олимпиадаға  Ақтөбе облысынан 9-11 сынып аралық қазақ тілі  мен әдебиет пәнінің облыстық жүлдегерлерінен 12 оқушы топ құрып қатысты. Осы 12 оқушының арасында №5Хромтау гимназиясының 9 сынып оқушысы  Алпысбай Алия қатысып  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен терең интеллектуалдық білімін және шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсетіп,  Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олипиадасында жүлделі   II дәрежелі дипломға ие болды.

Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі   

                  Жанұзақова Торғын Зағитқызы.

 

 

 

ЕХРО-2017 – Жастар назарында» жобалар мен шығармашылық жобалар байқауының қорытындысы

 

2017    жылғы  27  сәуірде «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім  беру орталығында жалпы білім беретін  мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында  Бүкіләлемдік Көрмесінің  өтілуіне орай  үгіт – насихат жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған облыстық «ЕХРО-2017 – Жастар назарында» жобалар мен шығармашылық жобалар    байқауы  өткізілді. Байқауға №5Хромтау гимназиясынан  «Жасыл ел жастары»  номинациясы бойынша 3 оқушы қатысып «Қатты тұрмыстық қалдықтардың адам денсаулығына әсері» және «Композициялық мотериалдар» тақырыптарында қорғап жүлделі  III-орындарға ие болды. 8сынып оқушысы Мырзабаева Аружан, жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Ермағамбетова Ж.Б. және 7 класс оқушылары Айтмағамбетов Ердәулет пен Сағитжанов Әділет, жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Балғазина Г.Н.

Жеңімпаздарды құттықтап,  байқауға қатысқан оқушыларға  шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Облыстық география және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері арасында өткізілген Олимпиаданың қорытындысы

 

2017 жылғы 26- 27 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында география және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында педагогикалық олимпиада өткізілді.

Мақсаты: Бұл олимпиада география және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерін анықтау, оларға қолдау  көрсету мақсатын көздеді.

 

Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы дегендей   облыстық пәндік олимпиадаға №5 Хромтау гимназиясынан география пәнінің мұғалімі Жолмұратова Асыл Кабеновна қатысып жүлделі I-орын, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Рахметова Фериза Жақсылыққызы II -орын,  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жекенова Гүлназ Тынымбековна Алғыс хатқа ие болды.

№ 5 ХРОМТАУ ГИМНАЗИЯСЫНДА ӨТКЕН «МЕЙРІМДІ ЖҮРЕК» АКЦИЯСЫ

 

Ақтөбе облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 2016 -2020 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасы және Кешенді жоспардың 3-тармағын орындау мақсатында 03.04.2017 жылғы №364 бұйрығы бойынша «Мейірімді жүрек» атты акция өткізілді.

 

Акцияның мақсаты: жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды қолдау, ортаға бейімделуіне, дағдылануына жағдай жасай отырып, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, сүйіспеншілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

 

Осы акция бойынша №5 Хромтау гимназиясында акцияны өткізу туралы бұйрық пен жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыс жасалынды. Жұмыстың барысында гимназия ұжымы іс-шаралар жоспарын жасай отырып, шығарма 5-8 кластарға, «Мейірімді жүрек» жәрмеңкесі 0-11 кластарға өткізілді. Суреттер көрмесі өткізілді.

 

Жәрмеңкеден түскен қаржыны Палуанова Индираға «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкісіндегі» есеп шоттарын толықтыруға 29200тг салынды.

 

Палуанова Индира Аудандық «Спорт - жан серігі» атты спорттық сайысқа қатысып, командалар арасынан ІІІ орын және белсенділік танытқаны үшін мадақтамамен марапатталды. Аудандық білім бөлімінің жолдамасымен 5300 теңге жолақысын төлеп, облыстық акцияның қорытындысы бойынша «Зере» мейрамханасына демалуға көмек көрсетілді. Мұсабай Рахат белсенділік танытқаны үшін мадақтамамен марапатталды.

 

Жәрмеңкеден түскен қаржыға Исмагулов Арманға 5000тг көлемінде көктемгі курткамен көмек көрсетіліп, 5000 теңгеге май, сүт, шай, макарон тағамдары берілді.

 

Қоске Нұрболатқа 5000 теңгеге май, сүт, шай, макарон тағамдары берілді

 

Бала кезінен мүгедектігіне байланысты Қуандықов Ильяс Тимурұлына 40000 теңге көлемінде ақшалай емделуіне көмек берілді.

 

Барлық жұмсалынған қаржы 94500 теңге.

 

 

 

Облыстық «Достық 2017» олимпиадасы

2017 жылғы 14 сәуірде Білім - инновация лицейінде жалпы білім беретін мектептер мен облыстық білім беру ұйымдарының 5-6 қласс оқушылары арасында кешенді «Достық-2017» облыстық олимпиадасы өтті. Оқушылар аталған олимпиадада 4 пән бойынша тест тапсырды. Жауап парақтары сканер арқылы тексерілді. Аудан, қала мектептерінен барлығы 280 оқушы қатысып, оның 70 жүлдегер атанды. «Достық-2017» олимпиадасына №5 Хромтау гимназиясынан  5,6- сыныптан Ибраем Таңшолпан мен Алмағамбетова Дильназ қатысып  қазақ тілі, математика, ағылшын тілі, қазақстан тарих пәндерінен тест тапсырып, өз білімдерін сынады. Нәтижесінде аталған төрт пән бойынша 5 сынып оқушысы Ибраем Таңшолпан «Бас жүлде»  және математика пәнінен  II- орынға ие болды.

Пән мұғалімдері: Қошабаев Д., Жанұзақова Т., Шункеева С., Төреахметова Д,A.

 

                                             «Достық-2017» олимпиадасының «Бас жүлде» иегері

 

 

 

 

      

«Достық-2017» олимпиадасында математика пәнінен II-орын