Жаңалықтар
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу- басты міндет.
Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері №5 Хромтау гимназиясында жұмыстар атқарылып жатыр. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарлары құрылып, бекітілді. Жоcпарға сәйкес уақытылы іс-шаралар өткізіліп отырды.
Қылмыстың алдын алудың бірден бір жолы-оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Бүгінгі күні гимназия оқушылары қосымша үйірмелермен қамтылып отыр.
2017 жылы №5 Хромтау гимназияның «Туған жерге тағзым» акциясы аясында атқарылған жұмыстары
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында №5 Хромтау гимназиясының директоры Биржанов Р.А 140 500 теңге көлемінде директор кабинеті мен қабылдау бөлмесін жөндеп, жабдықтады. Ал, Р.Үкібаева, Т.Жанұзақова, А.Жолмуратова, Ф.Рахметова, З.Ташигулова, Л.Есмурзина, М.Кусаева 150 мың теңге көлемінде деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге арналған кабинетті жөндеп, жабдықтады. Сонымен қатар, Каймолдина М.Е психология кабинетін 50 мың теңгеге жөндеп берді. Директордың ӘШБ орынбасары Дарибаева А.Б 60 мың теңгеге спорт залға қосымша жылу батареясын қосу жұмыстарын жүргізді. Ал, Ж.Қалмуратов, Л.Есмурзина, Қ.Есеркепов, Ұ.Абилмаликова, Ж.Иманкулова, Ж.Ермагамбетова 300 мың теңге көлемінде мектептің 101, 104, 107, 108, 201, 205, 303, 304, 305 кабинеттерін жалюзимен қамтамасыз етті. Педагог-ұйымдастырушы Құрмантаева Б мектепке 30 мың теңгеге екі жақты тақта алып берді.
Жалпы соммасы-730 500 теңгені құрайды.
№5 Хромтау гимназиясының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында атқарылған жұмыстары
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында №5 Хромтау гимназиясының 2000 жылы бітірген мектеп түлектері шілде айында 80 000 теңгеге принтер алып берді. Наурыз айында мектептің 11 класс ата-аналары 80 000 теңгеге актив пульт пен фотоаппарат сыйға берді. Маусым айында «Аманат» кафесінің басшысы 100 000 теңгеге оқу компьютерін және мектептің 8 «а» класс ата-аналары 38 000 теңгеге жалюзи алып берді. Сонымен қатар, қыркүйек айында 6 «а», 7 «а» қласының ата-аналары мектеп терезелеріне 50 000 теңгеге жалюзи алып берді. Ал, маусым айында 4 «а», 4 «б», 5 «ә», 7 «а» класс ата-аналары мектепті 68 000 теңге көлемінде гүл құмыраларымен қамтамасыз етті.
Аудандық «Достық 2017» олимпиадасы
2017 жылдың 7 сәуір күні №3 Хромтау орта мектебінде Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Достық 2017» олимпиадасы өткізілді. «Достық 2017» олимпиадасына №5 Хромтау гимназиясынан 5,6- сыныптан Ибраем Таңшолпан мен Алмағамбетова Дильназ қатысып қазақ тілі, математика, ағылшын тілі, қазақстан тарих пәндерінен 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын (100 сұрақ) орындады.
Нәтижесі:
5 класс оқушысы Ибраем Таңшолпан – III орын.
6 класс оқушысы Алмағамбетова Дильназ II орын
Пән мұғалімдері: Қошабаев Д.,Нүптиева Л, Жанұзақова Т.,Ташпенова Д., Шункеева С., Төреахметова Д, Сәрсенбаева А.
«Достық 2017» олимпиадасынан жүлделі I ,II, III орын алған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Аудандық «Мағжан Жұмабаев оқулары»
2017 жылдың 7 сәуір күні №4 Хромтау орта мектебінде Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев оқуларының байқауы өтті. Мағжан оқуларына ауданның бірнеше мектептерінен оқушылар қатысты. №5 Хромтау гимназиясынан Мағжан оқуларына 7 класс оқушысы Изтаева Салтанат пен 8класс оқушысы Тәуекелова Жұлдызай қатысып, Тәуекелова Жұлдызай жүлделі Iорынға ие болды.
«Толқынмен толқын сырласып» номинациясымен 8Ә сынып оқушысы Тәуекелова Жұлдызай жоба қорғап, облыстық кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі: Рахметова Фериза Жақсылыққызы.
Аудандық «Қадыр оқулары»
2017 жылдың 6 сәуір күні №5 Хромтау гимназиясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр оқуы» байқауы өтті.
Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздің ұлылығы, қазақ поэзиясындағы пырағы болып саналатын Қадыр Мырза Әлінің жыр жинақтары мен тамаша әндерін әдебиетіміз бен мәдениетімізге мол мұра етіп қалдырған ақын шығармашылығын насихаттау.
Қадыр оқулары мынадай үш бағыт бойынша ауданның №1ХОМ, №4ХОМ, №5 ХГ, №6ХГ, БөгетсайМГ, ДөңОМ, Нұрлы көш орта мектептерінен 16 оқушы қатысты.
- «Сөздің бәрі құдіретті» - Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын жатқа оқу .
- «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» Қадыр Мырза Әлінің сөздеріне жазылған әндерді орындау
- «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін»
Аталған бағыттар бойынша оқушылар Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жатқа оқып, тамаша әндерін шырқап, ақын оқушыларымыз арнауларын орындап сайыста жүлделі I, II, III, орындарға ие болды. №5Хромтау гимназиясынан 8 Ә класс оқушысы Қайырбай Нұрсая жүлделі II-орынға ие болса , жүлделі I орынға 11 сынып оқушысы Амандық Ардат ие болып, облыстық Қадыр оқуларына жолдама алды. Жетекшілері: Рахметова Ф.Ж. Жекенова Г.Т.
7 – сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай №5 Хромтау гимназиясында жас ұстаздар арасында эстафеталық жарыс өткізілді.
7 – сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай №5 Хромтау гимназиясының спорт залында жас ұстаздар арасында эстафеталық жарыс өткізілді. Жеңіске жеткен команда жүлделі орындармен марапатталды.
2017 жылдың 5 сәуірінде №5 Хромтау гимназиясында «Терроризмнің алдын алу» атты тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
2017 жылдың 5 сәуірінде №5 Хромтау гимназиясында «Терроризмнің алдын алу» атты тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Жиналысқа 10-11 сынып білім алушыларымен сынып жетекшілер қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, теолог-Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы – «Теріс ағымдар» туралы түсінік берді. Хромтау ауданының «Нұр» мешітінің бас имамы- Әли Алмат Амангелдіұлы дініміз, тіліміз туралы түсінік берді. Білім алушыларымыз сұрақтар қойылып, пікірталас жүргізілді.