Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтау гимназиясы" КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтауская гимназиясы" КММ

Актюбинская область

Хромтауский район

КГУ "Хромтауская гимназия №5"

Хромтауская гимназия №5 рада приветствовать вас на сайте!

Жаңалықтар

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

Қамқоршылық кеңес отырысы

 Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 

Хромтау қаласы                          17.05.2019 жыл

 

Қатысқандар: 

1. С.И.Изтлеуов  

2. Г.А.Аханова  

3. Ф.С.Бисекеева  

4. Ә.Мырзаханова  

5. Н.Өмірзақов  

6. Ж.К.Утарбаева  

7. Р.Ярмухамедова  

Қатыспағандар:  

1. А.Алтынбаева  

2. Н.Қожабеков  

Қамқоршылық кеңеске шақырылғандар: 

Р.А.Биржанов – гимназия директоры 

Е.Т. Суюмова–директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

А.Б.Абдуллина – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 

А.Н.Мусина – 11 сынып жетекшісі 

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер: 

1.Білім алушылармен ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы (мектеп формасының сақталуы, білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарға жүргізілген рейдтердің қорытындысы); 

2.Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы; 

3.Білім беру ұйымының есебі; 

4. 11 сынып оқушыларын ҰБТ- ға сапалы дайындау мақсатында сынама тестілеу өткізу туралы.

Тыңдалды: 

1-ші мәселе бойынша: 

1.Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Суюмова гимназияның ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы туралы мәлімдеді. Қаңтар айында гимназия жарғысына өзгертулер мен түзетулер енгізу барысында білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарға тізімі енгізілді. Гимназия жарғысын басшылыққа ала отырып аталған заттар тізімі ата-аналар жиналысында  таныстырылып, kundelik.kz» сайтына хабарлама ретінде орналастырылды,  білім алушыларға нұсқаулық жүргізілді, рейд жүргізу үшін ата-анадан білімалушының қалтасын қарау үшін рұқсат қағазы алынды. Рейд жүргізу барысында (ата-аналардан алған рұқсат қағазы негізінде) тыйым салынған заттар білім алушыларда анықталмағандығын, жалпыға міндетті біріңғай мектеп формасын  білім алушылар сақтайтындығын мәлімдеді. Мектеп формасын таңдау барысында 5-11 сынып қыз балаларына шотландка белдемше таңдалған болатын, қазіргі таңда қыз балалар белдемшелерің әртүрлі болуына байланысты көк белдемшеге өзгерту қажеттілігі туындап отыр. 

2.Кеңес төрағасы С.И.Изтлеуов мәлімдеме қорытындысына сәйкес гимназия білім алушыларының бұзақы әрекеттер жасамауы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек екендігін қосты, мектеп формасын өзгертуде кеңес мүшелерімен кеңесе отырып ешқандай қиындықтар болмайтындығын және жаңа оқу жылына көк белдемше таңдап, ата-аналарға хабарландыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

2-ші мәселе бойынша:  

1.Гимназияның педагог-ұйымдастырушы білім алушылардың бос уақытының қамтылуын және мектептен тыс қосымша білім беретін ұйымдармен (мектептен тыс білім беру орталығы, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, балалар музыка мектебі, кеншілер мәдениет үйі және т.б.) байланыс жұмыстарын түсіндіріп өтті.  

2.Кеңес мүшесі Р.Р.Ярмухамедова  мәлімдеме қорытындысына сәйкес білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуының маңыздылығын ескере отырып, үнемі бақылауда ұстау керектігін қосты. 

3-ші мәселе бойынша: 

Гимназия директоры Р.А.Биржанов 2018-2019 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар есебін берді. Қазіргі таңда материалдық-техникалық базаның әлсіздігін, жоғары білімді ағылшын тілі пәні мұғалімінің жетіспеушілігін, білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар кемшіліктер орын алғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына байланысты жазғы демалыс кезінде білім алушыларды лагерьге қамту туралы сөз қозғады. Биыл 1-4 сынып білім алушыларын лагерь кезінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында қаражат бөлінгендігін, оның барлық білім алушыларды қамтуға жеткіліксіз екендігін, бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы отбасында тәрбиеленіп отырған білім алушылар қамтылатындығын, дегенмен әлі де шешімін таппай тұрған мәселелер (лагерь уақытының ұзақтығы, аспазшы мәселесі және т.б.) бар екендігін жеткізді. 

Кеңес мүшелері өз ойларын білдіріп, бірауыздан қолдады. 

4-ші мәселе бойынша: Гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Абдуллина ҰБТ дайындық барысын және сынама тесттер өткізу үшін қамқоршылық кеңес мүшесі Ж.К.Утарбаеваның қатысуымен ата-аналар жиналысын өткізілгенін хабарлады. Ата-аналардың сынама тестілеу өткізуді қолдайтындығын, сонымен қатар білім алушылар мен ата-анлары «Ustudy» тестілеу орталығын таңдағандарын мәлімдеді. 

Кеңес мүшесі Ж.К.Утарбаева ата-аналар жиналысына қатысқандығын, ата-аналар мен білім алушылар аталған тестілеу орталығын таңдағандарын жеткізді.  

Кеңес мүшелері белгіленген мәселелер бойынша сөйлегендерді тыңдап, мәліметтерді саралай отырып, ШЕШІМ ЕТТІ: 

1.   Жаңа оқу жылына 5-11 сынып қыз балалары үшін мектеп формасына көк белдемше таңдалсын, ата-аналарға хабарлансын.  

2.   Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы  алдағы оқу жылында басты назарға алынсын.  

3.   Аталған мәселелерді шешу үшін тиісті мекемелерге хат жолданып, шешім қабылдансын. 

4.   Ата-аналар мен білім алушылардың таңдауы бойынша сынама тестілеу өткізу үшін «Ustudy» тестілеу орталығын таңдалсын. 

 

Төраға С.И.Изтлеуов 

Хатшы Е.Т.Суюмова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

2019 жылдың ақпан айының 9 күні қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті. Отырыс барысында жұмыс жоспары талқыланып, сынып жетекшілердің есебі тыңдалды.

    

  

 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу

2019 жылдың 30 қаңтары күні №5 Хромтау гимназиясының базасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында жиын өтті. Жиынға Хромтау аудан әкімінің орынбасары М.О.Косымбаева,  Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері С.Ж.Марат,  Хромтау аудандық ІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ-ның аға инспекторы А.Ә.Айтжанова,  гимназия инспекторы Д.Қ.Мынжасаров, қала, Дөң және Ақжар орта мектептерінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұйымдастырушы педагогтар, әлеуметтік педагогтар, психологтар, тәлімгерлер, кітапханашылар қатысты. Жиында 5 гимназия ұжымының тәрбие бөлімі құқық бұзушылықтың алдын алу мен білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру барысында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

    

   

  

 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу

2019 жылдың 30 қаңтары күні №5 Хромтау гимназиясының базасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында жиын өтті. Жиынға Хромтау аудан әкімінің орынбасары М.О.Косымбаева,  Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері С.Ж.Марат,  Хромтау аудандық ІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ-ның аға инспекторы А.Ә.Айтжанова,  гимназия инспекторы Д.Қ.Мынжасаров, қала, Дөң және Ақжар орта мектептерінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұйымдастырушы педагогтар, әлеуметтік педагогтар, психологтар, тәлімгерлер, кітапханашылар қатысты. Жиында 5 гимназия ұжымының тәрбие бөлімі құқық бұзушылықтың алдын алу мен білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру барысында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

    

   

  

 

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

(кезектен тыс отырыс )

 

Хромтау қаласы                          26.01.2019 жыл

 

Қатысушылар:

1. С.И.Изтлеуов

2. Г.А.Аханова

3. Ф.С.Бисекеева

4. Л.Қожахметова

5. Н.Өмірзақов

6. Б.Каметияқызы

7. Ж.К.Утарбаева

8. А.Айтбаева

9. Б.Тұрумова

Қамқоршылық кеңеске шақырылғандар:

Е.Т. Суюмова–директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

К.Қ. Мукашева–әлеуметтік педагог

Б.Д. Құрмантаева  –педагог-ұйымдастырушы

Г.С Калматева.- аға-тәлімгер

 

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың  алдын алу шаралары.

2.Білім алушылардың бос уақытының қамтылуы.

3. Педагог мәртебесі туралы Заң жобасын талқылау.

 

Тыңдалды:

1-ші мәселе бойынша:

1.Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Суюмова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, қазіргі таңда КТІЖИ-да есебінде тұрған білім алушылар жоқ екендігі туралы мәлімдеме жасады.

2.Кеңес төрағасы С.И.Изтлеуов мәлімдеме қорытындысына сәйкес тәрбиесі қиын білім алушылар және олардың  ата-аналармен жұмысты күшейту керектігін, гимназия білім алушыларының бұзақы әрекеттер жасамауы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек екендігін қосты.

 

2-ші мәселе бойынша:

1.Гимназияның педагог-ұйымдастырушы білім алушылардың бос уақытының қамтылуын және мектептен тыс қосымша білім беретін ұйымдармен (мектептен тыс білім беру орталығы, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, балалар музыка мектебі, кеншілер мәдениет үйі және т.б.) байланыс жұмыстарын түсіндіріп өтті. Ерекше назардағы қолдауды қажет ететін білім алушылардың санымен таныстырды.

2.Аға-тәлімгер білім алушылардың қоғамдық шараларға қамтылуы туралы есеп берді.

2.Кеңес мүшесі Г.А.Аханова мәлімдеме қорытындысына сәйкес білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын үнемі бақылауда ұстау керектігін қосты.

 

3-ші мәселе бойынша:

Кеңес төрағасы С.И.Изтлеуов  «Педагогтардың мәртебесі» туралы заңның қабылдану  маңыздылығын  қолдап, бұл заңның мұғалімдерге стимул беруі қажеттігін айтты.

Кеңес мүшелері заң туралы өз ойларын білдіріп, бірауыздан қолдады.

 

Кеңес мүшелері белгіленген мәселелер бойынша сөйлегендерді тыңдап, мәліметтерді саралай отырып, ШЕШІМ ЕТТІ:

1.   Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шараларын үнемі бақылау, ата-аналар жауапкершілігін арттыру.

2.   Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін атқарылатын жұмыстарды күшейту.

3.   Жүктелген шаралардың орындалу барысы наурыз айында қайта қаралсын.

 

 

Төраға С.И.Изтлеуов

Хатшы Л.Қожахметова 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңес құру туралы хабарлама

 

           «№5 Хромтау гимназиясы» КММ әкімшілігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының»  2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес - білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды.

Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.

Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.

Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8/71336/ 24-4-09; немесе 8/71336/ 27-8-75

5 Хромтау гимназиясының директоры Биржанов Рустам Айтуганович

Ұялы тел: 8(705) 4784242

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Суюмова Еңлік Тлекбаевна

Ұялы тел: 8(705) 9181923

Электрондық почта: <5khrom_gimnazia@mail.ru>