География пәнінен интеллектуальды ойын
- География пәнінен 7 сыныптар арасында интеллектуальды ойын өткізілді. Оқушылар белсене қатысты.. 1-орын: 49,5 ұпаймен 7 "ә" класы "Қара маржан" тобы 2-орын: 46 ұпаймен 7"а" класы "Теңіз көкжалдары" тобы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Күні: 1.04.2017
Сыныбы: 7 «А», 7 «Ә»
Шара атауы: «Қазыналы аралға» саяхат
Шараның мақсаты:
§ Білімділік: оқушылардың материктер мен мұхиттар географиясы курсы бойынша өткен білім мазмұнын еске түсіртіп, тереңдету
§ Дамытушылық: оқушылардың география сабақтарында алған білімдерін практикалық қолдануын дамыту, қызығушылығын арттыру
§ Тәрбиелік: оқушылардың жеке және топта жұмыс жасауына мүмкіншілік жасай отырып жауапкершілік сезімін арттыру, сыныптар арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, достыққа шақыру.
Шараның өткізілу әдісі: саяхат, топтық жарыс
Көрнекіліктер: дүние жүзінің физикалық картасы, кескін карталар, презентация,
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
- Бүгін біздің «Қазыналы арға саяхат» атты ойын сайысын бастаймыз.
- Бүгінгі ойын сайысқа жетінші сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысын қорғауға 5 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 2 топ қатысады.
1) «Теңіз көкжалдары»
2) «Қара маржан»
Топ капитандарынан топ мүшелерін таныстыру сұралады.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
Қазыналы аралға,- деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
Кезеңдері:
1. Адасқан объектілер.
2. Бағдарлау.
3. Жанкүйерлерге сауал
4. Құпиялы сыр сандық
5. Капитандар сайысы
ІІ. Негізгі бөлім
1) «Адасқан объектілер» кезеңінің шарттарымен таныс болайық: бұл бөлімде әр топқа 20 географиялық объектінің атауы беріледі, топтар бұл объектілердің қай материкте орналасқанын анықтап, тиісті ұяшықтарға орналастыруы қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Бірінші болып аяқтаған тоқа қосымша жылдамдығы үшін 3 балл беріледі.
Солтүстік Америка:Юкатан түбегі, Орисаба жнрт, Маккензи өзені, Мичиган көлі
Евразия: Байкал көлі, Гоби шөлі, Камчатка түбегі, Меконг өзені, Эльбрус шыңы
Оңтүстік Америка: Кабу-Бранку мүйісі, Котопахи жнрт, Парана өзені, Атакама шөлі, Игуасу сарқырамасы
Африка: Сомали түбегі, Атлас тауы, Сенегал өзені, Ньяса көлі, Калахари шөлі
Австралия: Йорк мүйісі, Косцюшко шыңы, Муррей өзені, Эйр көлі, Үлкен Виктория шөлі
2) Бағдарлаукезеңінің шарты: бұл кезеғде топтарға екі бірдей параққа бағдарлар арқылы сурет салу ұсынылады, бағдарды дұрыс көрсетіп, суретті сала білген топ 10 ұпайға ие болады. Жылдамдық үшін үстеме 3 ұпай беріледі.
Тапсырма: Парақта көрсетілген нүктеден 10 тор Ш-қа жылжыңыз, ол нүктеден 4 тор ОБ-қа, одан 10 тор Б-қа, одан 4 тор СБ-қа, одан 8 тор Ш-қа, одан 10 тор С-ке, одан 7 тор ОШ-қа, одан 12 тор Б-қа, одан 5 тор СШ-қа
Жауабы: желкенді кеме суреті шығуы тиіс
3) Жанкүйерлерге сауал.
- Бүгінгі сайысқа қатысушы топтарға жанкүйер болып отырған оқушыларды да назардан тыс қалдырмай сұрақ қойсақ. Дұрыс жауап берген жанкүйер өз ұпайын көңілі қалаған топқа бере алады. Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
1. Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты (краб-Араб)
2. Ең ашулы қандай қала? (Грозный)
3. Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады (Куба)
4. Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).
5. Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)
6. Егер ақ орамалды Қызыл теңізге құлатып алсақ, ол қандай болады? (сулы)
4) Құпиялы сыр сандық. Шарты: топтарға сандық ішінде жатқан логикалық сұрақтарды таңдап жауап беру тапсырмасы беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
1. Гренландия – үлкен арал, оның бетін қар мен мұз басып жатыр. Неліктен осы аралды.ашқанадам оны Гренландия депатады, яғни «Жасылжер»?
Жауап:Грендландияны 982 жылыскандинавтық Эрик Рыжий ашты. Ол осы аралғаадамдардымекендеуүшін оны Гренландия депатады. Бұлатауадамдардысондақоныстануынақызығушылықтудырадыдепойлады. Ағылшынша (greenland- жасылжер) дегенмағынабілдіреді.
2. «Жазортасындажаңажылмерекесіөтеқызықтыөтті» депжазды автор. Жаңажылдыңжазортасындакелуімүмкінбе?
Жауабы:Әринемүмкін. Оңтүстік жарты шардажылмезгілдеріСолтүстік жарты шарғақарама - қарсы, сондықтанОңтүстік жарты шардажаңажылжазортасындакеледі.
3. Африкадажерастысуын Конго ойысында тез шығарыпалуға бола ма, әлдеСахара шөліндеме?
Жауабы: Сахара шөліндежерастысуыжербетінежақынжайғасқан.
4. Сіздербейтанысжергекемеменжүзіпкеліп, жергіліктіадамдарментіл
табыспақшыболып, оларғаәртүрлісұрақтарқоябастадыңыздар. Ал оларсіздерге
«Кенгуру» дегенсөзденбасқасөзайтқанжоқ. Сіздерқайжергекелдіңіздержәне
адамдар не депжауапберді?
Жауабы: Аустралияматеригі. Жергіліктехалықтілінде «Кенгуру» сөзі
«түсінбедім» дегенмағынаныбілдіреді.
5. АфриканыңоңтүстікшығысжағалауындағыҮндімұхитыныңсуы Атлант мұхитысуынан 10 - тай жылырақ. Бұлайырмашылықтықалайтүсіндіругеболады?
Жауабы:Африканыңоңтүстікжағалауынансолтүстіктеноңтүстіккеқарай Мозамбик жылыағысыҮндімұхитысуыарқылыөтіп, оны жылытады, ал Атлант мұхитыныңоңтүстіктенсолтүстіккеқарай материкжағалауыменБенгальсуықағысыөтіп, суды суытады.
6. Егер Анд тауыАмериканыңбатысындаемес, шығысындаорналасса, онда материк климаты қалайөзгеререді?
Жауабы:Егер Анд тауыматериктіңшығысындаорналасса, онда климат құрғақболареді. шығыстанэкваторлықжәнемуссонды - пасаттыауациркуляциясынабайланыстыауамассаларыныңкелуінен.
5) Капитандар сайысы. Шарты: топ капитандарына жауабы бірдей әріптерден басталатын 10 сұрақ қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпай.
«А» әрпі
1. Д.жеңсуы мол өзен–Амазонка
2. Жердіңауақабаты-Атмосфера
3. Д.ж көлемібойынша 2 орыналатын материк – Африка
4. дүние жүзіндегі ең биік сарқырама: Анхель
5. Төртмұхиттыңбірі- Атлант
6. Кит тәріздес материк – Антрактида
7. Сырдарияөзеніқұятынтеңіз - Аралтеңіз
8. Ең ұзын тау - Анд
9. Ең үлкен түбек -Арабия
10. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк - Австралия
«С» әрпі
1.Көлеміжөнінен 3- шіматерик –Солтүстік Америка
2. Еңүлкентропиктішөл- Сахара
3. секретарь құсытіршілікететін зона - саванна
4.Шөл зонасындаағаштектесөсімдікатауы- Сексеуіл
5. Макаронфабрикасыныңатауы- Сұлтан
6. Сақинатәріздесғаламшар –Сатурн
7.45 0 азимутқайбағыт – Солтүстік –шығыс
8. Қазақстандағыеңлайлыөзен- Сырдария
9. Адамзаттың... күніжоқ,
Оныайтуғатабиғаттыңүніжоқ- Су
10. Жербетіндееңүлкен, әріеңұзақжасайтынөсімдік- Секвоя.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
ІV Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау
Қазына іздеп сапарға,
Аттандық біздер топтасып,
Білім атты асыл қазына
Таптық біздер жарадық!!!
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген зор байлық
Санаңа сенің нұр төгер ,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.