Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтау гимназиясы" КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтауская гимназиясы" КММ

Актюбинская область

Хромтауский район

КГУ "Хромтауская гимназия №5"

Хромтауская гимназия №5 рада приветствовать вас на сайте!

Аудандық «Қадыр оқулары»

2017 жылдың 6 сәуір күні №5 Хромтау гимназиясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр оқуы» байқауы өтті.

Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздің ұлылығы, қазақ поэзиясындағы пырағы болып саналатын  Қадыр Мырза Әлінің   жыр жинақтары мен  тамаша әндерін әдебиетіміз бен мәдениетімізге  мол мұра етіп қалдырған  ақын шығармашылығын  насихаттау.

Қадыр оқулары мынадай үш бағыт бойынша ауданның №1ХОМ, №4ХОМ, №5 ХГ, №6ХГ, БөгетсайМГ, ДөңОМ, Нұрлы көш орта мектептерінен 16 оқушы қатысты.

-          «Сөздің бәрі құдіретті» - Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын жатқа оқу .

-          «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» Қадыр Мырза Әлінің  сөздеріне жазылған әндерді орындау

-          «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін»

    Аталған бағыттар бойынша  оқушылар Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жатқа оқып, тамаша әндерін шырқап, ақын оқушыларымыз арнауларын орындап  сайыста жүлделі I, II, III, орындарға ие болды.   №5Хромтау гимназиясынан 8 Ә класс оқушысы Қайырбай Нұрсая жүлделі II-орынға ие болса , жүлделі I орынға 11 сынып оқушысы Амандық Ардат ие болып,  облыстық Қадыр оқуларына жолдама алды. Жетекшілері: Рахметова Ф.Ж. Жекенова Г.Т.