Облыстық «Достық 2017» олимпиадасы
2017 жылғы 14 сәуірде Білім - инновация лицейінде жалпы білім беретін мектептер мен облыстық білім беру ұйымдарының 5-6 қласс оқушылары арасында кешенді «Достық-2017» облыстық олимпиадасы өтті. Оқушылар аталған олимпиадада 4 пән бойынша тест тапсырды. Жауап парақтары сканер арқылы тексерілді. Аудан, қала мектептерінен барлығы 280 оқушы қатысып, оның 70 жүлдегер атанды. «Достық-2017» олимпиадасына №5 Хромтау гимназиясынан 5,6- сыныптан Ибраем Таңшолпан мен Алмағамбетова Дильназ қатысып қазақ тілі, математика, ағылшын тілі, қазақстан тарих пәндерінен тест тапсырып, өз білімдерін сынады. Нәтижесінде аталған төрт пән бойынша 5 сынып оқушысы Ибраем Таңшолпан «Бас жүлде» және математика пәнінен II- орынға ие болды.
Пән мұғалімдері: Қошабаев Д., Жанұзақова Т., Шункеева С., Төреахметова Д,A.
«Достық-2017» олимпиадасының «Бас жүлде» иегері
«Достық-2017» олимпиадасында математика пәнінен II-орын