№ 5 ХРОМТАУ ГИМНАЗИЯСЫНДА ӨТКЕН «МЕЙРІМДІ ЖҮРЕК» АКЦИЯСЫ
Ақтөбе облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 2016 -2020 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасы және Кешенді жоспардың 3-тармағын орындау мақсатында 03.04.2017 жылғы №364 бұйрығы бойынша «Мейірімді жүрек» атты акция өткізілді.
Акцияның мақсаты: жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды қолдау, ортаға бейімделуіне, дағдылануына жағдай жасай отырып, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, сүйіспеншілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Осы акция бойынша №5 Хромтау гимназиясында акцияны өткізу туралы бұйрық пен жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыс жасалынды. Жұмыстың барысында гимназия ұжымы іс-шаралар жоспарын жасай отырып, шығарма 5-8 кластарға, «Мейірімді жүрек» жәрмеңкесі 0-11 кластарға өткізілді. Суреттер көрмесі өткізілді.
Жәрмеңкеден түскен қаржыны Палуанова Индираға «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкісіндегі» есеп шоттарын толықтыруға 29200тг салынды.
Палуанова Индира Аудандық «Спорт - жан серігі» атты спорттық сайысқа қатысып, командалар арасынан ІІІ орын және белсенділік танытқаны үшін мадақтамамен марапатталды. Аудандық білім бөлімінің жолдамасымен 5300 теңге жолақысын төлеп, облыстық акцияның қорытындысы бойынша «Зере» мейрамханасына демалуға көмек көрсетілді. Мұсабай Рахат белсенділік танытқаны үшін мадақтамамен марапатталды.
Жәрмеңкеден түскен қаржыға Исмагулов Арманға 5000тг көлемінде көктемгі курткамен көмек көрсетіліп, 5000 теңгеге май, сүт, шай, макарон тағамдары берілді.
Қоске Нұрболатқа 5000 теңгеге май, сүт, шай, макарон тағамдары берілді
Бала кезінен мүгедектігіне байланысты Қуандықов Ильяс Тимурұлына 40000 теңге көлемінде ақшалай емделуіне көмек берілді.
Барлық жұмсалынған қаржы 94500 теңге.