Облыстық география және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері арасында өткізілген Олимпиаданың қорытындысы
2017 жылғы 26- 27 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында география және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында педагогикалық олимпиада өткізілді.
Мақсаты: Бұл олимпиада география және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерін анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатын көздеді.
Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы дегендей облыстық пәндік олимпиадаға №5 Хромтау гимназиясынан география пәнінің мұғалімі Жолмұратова Асыл Кабеновна қатысып жүлделі I-орын, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Рахметова Фериза Жақсылыққызы II -орын, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жекенова Гүлназ Тынымбековна Алғыс хатқа ие болды.