ЕХРО-2017 – Жастар назарында» жобалар мен шығармашылық жобалар байқауының қорытындысы
2017 жылғы 27 сәуірде «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығында жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында Бүкіләлемдік Көрмесінің өтілуіне орай үгіт – насихат жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған облыстық «ЕХРО-2017 – Жастар назарында» жобалар мен шығармашылық жобалар байқауы өткізілді. Байқауға №5Хромтау гимназиясынан «Жасыл ел жастары» номинациясы бойынша 3 оқушы қатысып «Қатты тұрмыстық қалдықтардың адам денсаулығына әсері» және «Композициялық мотериалдар» тақырыптарында қорғап жүлделі III-орындарға ие болды. 8сынып оқушысы Мырзабаева Аружан, жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Ермағамбетова Ж.Б. және 7 класс оқушылары Айтмағамбетов Ердәулет пен Сағитжанов Әділет, жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Балғазина Г.Н.
Жеңімпаздарды құттықтап, байқауға қатысқан оқушыларға шығармашылық табыстар тілейміз!