Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада қорытындысы
2017 жылғы 28-29 сәуір күндері Өскемен қаласының әкімдігі, білім басқармасының ұйымдастыруымен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадасы өтті. Аталған пәндік олимпиадаға Ақтөбе облысынан 9-11 сынып аралық қазақ тілі мен әдебиет пәнінің облыстық жүлдегерлерінен 12 оқушы топ құрып қатысты. Осы 12 оқушының арасында №5Хромтау гимназиясының 9 сынып оқушысы Алпысбай Алия қатысып қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен терең интеллектуалдық білімін және шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсетіп, Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олипиадасында жүлделі II дәрежелі дипломға ие болды.
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жанұзақова Торғын Зағитқызы.