Қосбергенов Болат Келбетұлын еске алу турнирі өтті.
Ұстаз едің, жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректерде түлеткен.
Сенің биік рухыңа бас иіп,
Еске аламыз сағынышты жүрекпен, — дей отыра гимназиямызда 2017 жылдың 28 сәуірі күні үлкен шара , ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қосбергенов Болат Келбетұлын еске алуға, осы гимназия қабырғасында жыл сайын өткізіліп отырған, аудан мектептерінің ұстаздары арасындағы теннис турнирлік кеші өтті. Турнирге аудан бойынша 16 команда қатысты. Жеңіске жеткен командалар арнайы кубокпен марапатталды