«Дарындылыққа апарар жол»
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалды дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Жас жеткіншектін бойындағы табиғат берген ерекше қабілеті,дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу әр ұстаздың парызы.
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдеп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру мақсатында №5 Хромтау гимназиясынан оқушылар ғылыми жобаға қатысты. Ғылыми жоба байқауы Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының 43-ші Республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясы Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің базасында жылма-жыл өткізіліп келеді. 2016-2017 оқу жылында №5 Хромтау гимназиясынан облыстық ғылыми жоба байқауынан 12 оқушы жүлделі орынға ие болып, Республикалық ғылыми жоба байқауына қатысуға жолдама алып, сұраныс берілді. Қазақстан Республикасының дарынды жастармен ғылыми- ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізгені үшін Биржанов Рустам Айтугановичке «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» берілді. 12 жобаның барлығы қатысып, жүлделі I, II, III – орындарға 4 оқушы ие болып, 8 оқушы сертификаттармен марапатталды.
Оқушылардың нәтижелері:
1- орын иегерлері:
1. «Қатты тұрмыстық қалдықтардың денсаулыққа әсері» тақырыпта Сағитжанов Әділет,Айтмағамбетов Ердәулет- 7 класс оқушылары
Жетекшісі.Балғазина Гүлфара Нұралықызы – биология пәнінің мұғалімі
2-орын иегерлері:
1. «Заманауий музыканың адам ағзасына әсері» тақырыпта Кәкімжан Бекзат 10 класс оқушысы
Жетекшісі:Ниязова А.Ж – биология пәнінің мұғалімі
3-орын иегерлері
1. «Бөдене жұмыртқасының адам организміне әсері» тақырыпта Бөгетбай Аружан 8класс оқушысы
Жетекшісі.Балғазина Гүлфара Нұралықызы – биология пәнінің мұғалімі
2. «Гигиенические, противовосполительные зубные пасты и их характеристика» тақырыпта Жарылғасинова Саулет, Сәрсен Айдынбек 11 класс оқушылары
Жетекшісі:Заянчуковская Л.А – орыс тілі пәнінің мұғалімі