Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтау гимназиясы" КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтауская гимназиясы" КММ

Актюбинская область

Хромтауский район

КГУ "Хромтауская гимназия №5"

Хромтауская гимназия №5 рада приветствовать вас на сайте!

«Сыңғырла, күміс қоңырау» білім күніне арналған салтанатты жиын

 

Мектепке енді барамыз

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз- деген өлең жолдары жадымызда шығар. Міне, сол бір күндердің естелігіндей, қоңыр күзбен қатар білім күні де келіп жетті. Ұлан ғайыр қазақ даласының қиыр-қиырында сыңғырлап соғылған алғашқы қоңырау үніне Хромтау №5 гимназиясының күміс қоңырауы да үн қосты. Таң рауанындай шоқ-шоқ гүлдері бар, анасының қолынан қысып ұстаған ақ бантикті қыздар мен кекілін сулап қайырған балақайлар мектепке қарай бет алды.

   Азаттық алғалы мемлекет те, мемлекеттің басшысы да  білім саласына ерекше көңіл бөліп,  жас өскіндердің барынша ілім алуына қолайлы жағдай жасап келеді. Білім күнін өткізуге Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Республикасы Конституциясы күні, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негіз болды.  

      Биылғы оқу жылын үлкен жаңалықпен бастағалы отырмыз. Биыл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Гимназиямыз бойынша 61 балғын мектеп қайығына отырып, білім теңізінің ескегін еспек.  «Оқушы» деген қасиетті мәртебені алды.  Алғаш рет қоңыраудың үнін естіді, енді осы қоңыр үн он бір жыл бойы оқушыларға серік болады.

  Бірінші сыныпқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы сыйлығы  сыйға тартылды.

  Салтанатты жиыннан соң балалар мектеп ішіне бас сұқты. Сыныбымен танысты, өзіне тиесілі партасында тапқан болатын.  Мұқағалиша айтсақ, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» оқушылардың мекені тағы бір жылға  өз жұмысын бастап кетті.