Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтау гимназиясы" КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтауская гимназиясы" КММ

Актюбинская область

Хромтауский район

КГУ "Хромтауская гимназия №5"

Хромтауская гимназия №5 рада приветствовать вас на сайте!

Ауданымыздың киелі жерлері — біздің мақтанышымыз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында гимназия тарапынан көптеген іс-шаралар өткізілуде. Оның ішінде ең маңызды бағыттарының бірі «Туған жерді» жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Бұл жұмыстардың жалғасы ретінде 20 қыркүйекте №5 Хромтау гимназиясының оқушылары Айдарлыаша геологиялық қимасы орнында ашық сабақ өткізді.  Шара барысында тарихшылар ауданымызда орналасқан Айдарлыаша геологиялық қимасының тарихымен таныстырды.

Айдарлыаша -Хромтау ауданының территориясында 350 млн. жыл бұрын өткен карбон кезеңінің соңы мен пермь кезеңінің басындағы ежелгі жануарлар мен өсімдіктердің таңбалары сақталған. Бұл Айдарлыаша геологиялық қимасы, Ақтөбе қаласынан 50 км шақырым жердегі Айдарлыаша өзенінің оң жағындағы жартаста орналасқан. Хромтау ауданының Айдарлыаша бұлағының жағалауын алып жатыр. Айдарлыаша геологиялық жер қабаты көлемі үш гектар, ені 200 метр, ұзындығы 1500 метр болатын жіңішке алқап. 1991 жылы әлем ғалымдары пермь жүйесінің 150-жалдығына, осы кезеңге байланысты барлық геологиялық қималарында экскурсиялар жүргізді. Ақтөбе облысына 150-жылдыққа байланысты әр елден келген ғалымдар жұмыс жасап, Айдарлыаша қимасы – жердегі өмірдің дамуы туралы, карбон және пермь дәуірлерінен толық мағлұмат беретінін атап айтқан. 1996 жылы дүние жүзі халықтарының Қытайда өткен халықаралық геологиялық конгресінде Айдарлыаша қимасы карбон мен пермь кезеңдерінің сақталған теңдесі жоқ орын деп танылған. Осы конгресте Айдарлыаша қимасына халықаралық геологиялық ескерткіш дәрежесі берілген, 350 млн. жылдық дәуірдің қоймасы нағыз ұлттық қорық болып табылатын сый. Өскелең ұрпақ өзінің туған жерінің тарихын тануға қызығушылық танытуда. Бүгінгі сапар барысында балалар уақыт байланысын сезініп, бұл тарихи орын туралы біліп, ерекше әсер алды.