«Мейірімділік пен ізгілікке жол ашық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
Бiр-бiрiне қолдан келген көмегiн берiп, қайырымдылық көрсетiп отыру халқымыздың қанына сiңген жақсы қасиеттерiнiң бiрiне жатады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында осындай өнегелi iстi үлгi тұтқан №5 Хромтау гимназиясында ата- аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен олардың қамқоршыларына қолдау көрсетуге арналған «Мейірімділік пен ізгілікке жол ашық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды. Акция мақсаты ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға тірек болып, рухани тұрғыдан қолдау көрсете отырып, гимназия оқушыларын мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу болып табылады. Қайырымдылық шарасы барысында жинақталған қаражат гимназиямыздың білім алушысы Палуанова Индираның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жеке есеп шотына 32000 (отыз екі мың тенге) тенге жіберілді.