Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтау гимназиясы" КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтауская гимназиясы" КММ

Актюбинская область

Хромтауский район

КГУ "Хромтауская гимназия №5"

Хромтауская гимназия №5 рада приветствовать вас на сайте!

Қамқоршылық кеңес құру туралы хабарлама

«№5 Хромтау гимназиясы» КММ әкімшілігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының»  2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар                                                                            қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес - білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды.

Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.

Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.

Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8/71336/ 24-4-09; немесе 8/71336/ 27-8-75

5 Хромтау гимназиясының директоры Биржанов Рустам Айтуганович

Ұялы тел: 8(705) 4784242

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Суюмова Еңлік Тлекбаевна

Ұялы тел: 8(705) 9181923

 

Электрондық почта: <Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.>