27.11.2018ж Ашық есік күні
27.11.2018ж күні 5 Хромтау гимназиясында жетекші мектеп пен серіктес мектептердің мұғалімдері арасында " Жаңартылған білім аясында эстетика техникалық пәндерді оқытудың тиімді жолдары " тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар барысында денешынықтыру, технология, өзін-өзі тану, музыка және алғашқы әскери дайындық пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. Семинардың мақсаты: "Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен бөлісу". Семинарға серіктес мектептерден:
1. Абай негізгі мектебі
2.Жазық бастауыш мектебі
3. Қопа орта мектебі
4. Сәтпай орта мектебінен келген мұғалімдері және ардагер ұстаздарымен келіп қатысты.
Семинар барысында ашық сабақтар берілді. Сонымен қатар 5 ХГ эстетика - техникалық пән мұғалімдерінің білім беру жүйесі жетістіктерінің көрме-презентациясы жұмысы кезінде серіктес мектеп мұғалімдері көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, өз тәжірибелерімен ой бөлісті.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жүргізілген жұмыстар құжаттарымен танысты.
Барлық қатысушы мұғалімдерге АББ-нің сертификаттары тапсырылды.