Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтау гимназиясы" КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

"№5 Хромтауская гимназиясы" КММ

Актюбинская область

Хромтауский район

КГУ "Хромтауская гимназия №5"

Хромтауская гимназия №5 рада приветствовать вас на сайте!

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

(кезектен тыс отырыс )

 

Хромтау қаласы                          26.01.2019 жыл

 

Қатысушылар:

1. С.И.Изтлеуов

2. Г.А.Аханова

3. Ф.С.Бисекеева

4. Л.Қожахметова

5. Н.Өмірзақов

6. Б.Каметияқызы

7. Ж.К.Утарбаева

8. А.Айтбаева

9. Б.Тұрумова

Қамқоршылық кеңеске шақырылғандар:

Е.Т. Суюмова–директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

К.Қ. Мукашева–әлеуметтік педагог

Б.Д. Құрмантаева  –педагог-ұйымдастырушы

Г.С Калматева.- аға-тәлімгер

 

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың  алдын алу шаралары.

2.Білім алушылардың бос уақытының қамтылуы.

3. Педагог мәртебесі туралы Заң жобасын талқылау.

 

Тыңдалды:

1-ші мәселе бойынша:

1.Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Суюмова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, қазіргі таңда КТІЖИ-да есебінде тұрған білім алушылар жоқ екендігі туралы мәлімдеме жасады.

2.Кеңес төрағасы С.И.Изтлеуов мәлімдеме қорытындысына сәйкес тәрбиесі қиын білім алушылар және олардың  ата-аналармен жұмысты күшейту керектігін, гимназия білім алушыларының бұзақы әрекеттер жасамауы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек екендігін қосты.

 

2-ші мәселе бойынша:

1.Гимназияның педагог-ұйымдастырушы білім алушылардың бос уақытының қамтылуын және мектептен тыс қосымша білім беретін ұйымдармен (мектептен тыс білім беру орталығы, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, балалар музыка мектебі, кеншілер мәдениет үйі және т.б.) байланыс жұмыстарын түсіндіріп өтті. Ерекше назардағы қолдауды қажет ететін білім алушылардың санымен таныстырды.

2.Аға-тәлімгер білім алушылардың қоғамдық шараларға қамтылуы туралы есеп берді.

2.Кеңес мүшесі Г.А.Аханова мәлімдеме қорытындысына сәйкес білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын үнемі бақылауда ұстау керектігін қосты.

 

3-ші мәселе бойынша:

Кеңес төрағасы С.И.Изтлеуов  «Педагогтардың мәртебесі» туралы заңның қабылдану  маңыздылығын  қолдап, бұл заңның мұғалімдерге стимул беруі қажеттігін айтты.

Кеңес мүшелері заң туралы өз ойларын білдіріп, бірауыздан қолдады.

 

Кеңес мүшелері белгіленген мәселелер бойынша сөйлегендерді тыңдап, мәліметтерді саралай отырып, ШЕШІМ ЕТТІ:

1.   Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шараларын үнемі бақылау, ата-аналар жауапкершілігін арттыру.

2.   Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін атқарылатын жұмыстарды күшейту.

3.   Жүктелген шаралардың орындалу барысы наурыз айында қайта қаралсын.

 

 

Төраға С.И.Изтлеуов

Хатшы Л.Қожахметова