Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу
2019 жылдың 30 қаңтары күні №5 Хромтау гимназиясының базасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында жиын өтті. Жиынға Хромтау аудан әкімінің орынбасары М.О.Косымбаева, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері С.Ж.Марат, Хромтау аудандық ІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ-ның аға инспекторы А.Ә.Айтжанова, гимназия инспекторы Д.Қ.Мынжасаров, қала, Дөң және Ақжар орта мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұйымдастырушы педагогтар, әлеуметтік педагогтар, психологтар, тәлімгерлер, кітапханашылар қатысты. Жиында 5 гимназия ұжымының тәрбие бөлімі құқық бұзушылықтың алдын алу мен білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру барысында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.