Қамқоршылық кеңес отырысы
Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы
Хромтау қаласы 17.05.2019 жыл
Қатысқандар:
1. С.И.Изтлеуов
2. Г.А.Аханова
3. Ф.С.Бисекеева
4. Ә.Мырзаханова
5. Н.Өмірзақов
6. Ж.К.Утарбаева
7. Р.Ярмухамедова
Қатыспағандар:
1. А.Алтынбаева
2. Н.Қожабеков
Қамқоршылық кеңеске шақырылғандар:
Р.А.Биржанов – гимназия директоры
Е.Т. Суюмова–директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
А.Б.Абдуллина – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
А.Н.Мусина – 11 сынып жетекшісі
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1.Білім алушылармен ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы (мектеп формасының сақталуы, білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарға жүргізілген рейдтердің қорытындысы);
2.Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы;
3.Білім беру ұйымының есебі;
4. 11 сынып оқушыларын ҰБТ- ға сапалы дайындау мақсатында сынама тестілеу өткізу туралы.
Тыңдалды:
1-ші мәселе бойынша:
1.Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Суюмова гимназияның ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы туралы мәлімдеді. Қаңтар айында гимназия жарғысына өзгертулер мен түзетулер енгізу барысында білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарға тізімі енгізілді. Гимназия жарғысын басшылыққа ала отырып аталған заттар тізімі ата-аналар жиналысында таныстырылып, kundelik.kz» сайтына хабарлама ретінде орналастырылды, білім алушыларға нұсқаулық жүргізілді, рейд жүргізу үшін ата-анадан білімалушының қалтасын қарау үшін рұқсат қағазы алынды. Рейд жүргізу барысында (ата-аналардан алған рұқсат қағазы негізінде) тыйым салынған заттар білім алушыларда анықталмағандығын, жалпыға міндетті біріңғай мектеп формасын білім алушылар сақтайтындығын мәлімдеді. Мектеп формасын таңдау барысында 5-11 сынып қыз балаларына шотландка белдемше таңдалған болатын, қазіргі таңда қыз балалар белдемшелерің әртүрлі болуына байланысты көк белдемшеге өзгерту қажеттілігі туындап отыр.
2.Кеңес төрағасы С.И.Изтлеуов мәлімдеме қорытындысына сәйкес гимназия білім алушыларының бұзақы әрекеттер жасамауы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек екендігін қосты, мектеп формасын өзгертуде кеңес мүшелерімен кеңесе отырып ешқандай қиындықтар болмайтындығын және жаңа оқу жылына көк белдемше таңдап, ата-аналарға хабарландыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
2-ші мәселе бойынша:
1.Гимназияның педагог-ұйымдастырушы білім алушылардың бос уақытының қамтылуын және мектептен тыс қосымша білім беретін ұйымдармен (мектептен тыс білім беру орталығы, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, балалар музыка мектебі, кеншілер мәдениет үйі және т.б.) байланыс жұмыстарын түсіндіріп өтті.
2.Кеңес мүшесі Р.Р.Ярмухамедова мәлімдеме қорытындысына сәйкес білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуының маңыздылығын ескере отырып, үнемі бақылауда ұстау керектігін қосты.
3-ші мәселе бойынша:
Гимназия директоры Р.А.Биржанов 2018-2019 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар есебін берді. Қазіргі таңда материалдық-техникалық базаның әлсіздігін, жоғары білімді ағылшын тілі пәні мұғалімінің жетіспеушілігін, білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар кемшіліктер орын алғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына байланысты жазғы демалыс кезінде білім алушыларды лагерьге қамту туралы сөз қозғады. Биыл 1-4 сынып білім алушыларын лагерь кезінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында қаражат бөлінгендігін, оның барлық білім алушыларды қамтуға жеткіліксіз екендігін, бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы отбасында тәрбиеленіп отырған білім алушылар қамтылатындығын, дегенмен әлі де шешімін таппай тұрған мәселелер (лагерь уақытының ұзақтығы, аспазшы мәселесі және т.б.) бар екендігін жеткізді.
Кеңес мүшелері өз ойларын білдіріп, бірауыздан қолдады.
4-ші мәселе бойынша: Гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Абдуллина ҰБТ дайындық барысын және сынама тесттер өткізу үшін қамқоршылық кеңес мүшесі Ж.К.Утарбаеваның қатысуымен ата-аналар жиналысын өткізілгенін хабарлады. Ата-аналардың сынама тестілеу өткізуді қолдайтындығын, сонымен қатар білім алушылар мен ата-анлары «Ustudy» тестілеу орталығын таңдағандарын мәлімдеді.
Кеңес мүшесі Ж.К.Утарбаева ата-аналар жиналысына қатысқандығын, ата-аналар мен білім алушылар аталған тестілеу орталығын таңдағандарын жеткізді.
Кеңес мүшелері белгіленген мәселелер бойынша сөйлегендерді тыңдап, мәліметтерді саралай отырып, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңа оқу жылына 5-11 сынып қыз балалары үшін мектеп формасына көк белдемше таңдалсын, ата-аналарға хабарлансын.
2. Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы алдағы оқу жылында басты назарға алынсын.
3. Аталған мәселелерді шешу үшін тиісті мекемелерге хат жолданып, шешім қабылдансын.
4. Ата-аналар мен білім алушылардың таңдауы бойынша сынама тестілеу өткізу үшін «Ustudy» тестілеу орталығын таңдалсын.
Төраға С.И.Изтлеуов
Хатшы Е.Т.Суюмова